2026 жылғы 16 шілде күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Қостанай қаласындағы қалалық балалар шығармашылығы мектебінің ғимаратында (Пионерлер сарайы, Алтынсарин көшесі, 109) прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әділет органдары, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, өңірдің жұмыс берушілері мен бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «ЖұмысTime» атты облыстық іс-шара өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау органдарының профилактикалық есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, олардың әлеуметтік бейімделуі мен қайта әлеуметтенуіне қолдау көрсету.
Осындай іс-шаралар аумақтық прокуратуралардың үйлестіруімен облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтеді.
Облыс орталығындағы іс-шараның өтетін орны: Қостанай қаласы, Қалалық балалар шығармашылығы мектебі (Пионерлер сарайы), Алтынсарин көшесі, 109.
Анықтама телефондары: 8 (7142) 54-57-76 (кезекші прокурор), 8-777-200-88-99.
Қостанай облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1257975?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау