Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылдың 2 тоқсанда атқарылған жұмысы бойынша есеп

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әдеп жөніндегі уәкілдің  2026 жылға арналған жұмыс жоспары  Батыс Қазақстан облысының санитариялық –эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының  13.01.2026  №10–НҚ бұйрығымен бекітілді.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы №153 Жарлығына сәйкес Әдеп кодексін түсіндіру бойынша  Әдеп жөніндегі уәкіл департаменттің мамандарына, басқарма басшылары мен мамандарына  түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Сонымен қатар  Департамент, Орал қалалық және аудандық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармаларының ұжымыдарына    семинар өткізілді. Мемлекеттік қызметшілерге   Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету сонымен қатар,  әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу мақсатында консультативті көмек көрсетілді.

  Мемлекеттік қызметші жеке қабылдауда  болған жоқ.    6 дәріс,  семинарлар кеңес  өткізілді.

Корпоративтік ұжымдық мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қабылданған 3 жас мемлекеттік қызметшілермен  кездесу өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптармен шектеулер туралы кеңес берілді  (қызметтік әдеп нормаларымен, мекеменің ішкі тәртібімен, ұжымдық мәдениетпен және т.б.).

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 44 анонимді сауалнама жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында   жұмыстарына адал, лайықты 6  мемлекеттік қызметші   таңдалып, олар туралы мақала газет және әлеуметтік желілерде (Facebook, instagram) материалдар жарияланды.

Теріс материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына тұрақты негізде мониторинг жүргізілді.

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша  шағым болған жоқ.

 

Әдеп кодексі нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары талаптары сақталуы бағытында  БАҚ    департаменттің Instagram, facebook  әлеуметтік желілерінде  тікелей эфирлер өткізілді. 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1258109?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version