Елордадағы «Астана Арена» стадионында «Астана» футбол клубы мен Албанияның «Динамо Сити» клубы арасындағы матч өтті. «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ойын барысында тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға және жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған профилактикалық акция өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Матч басталар алдында еріктілер жанкүйерлерге қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі ұсынымдар қамтылған ақпараттық материалдар таратты.
Стадион қонақтарының ерекше назарын Тазабек пен Тәртіпбек атты маскоттар аударды. Олар жанкүйерлермен жүздесіп, бірге суретке түсіп, қоғамдық тәртіпті сақтаудың және өзгелерге құрметпен қараудың маңызын еске салды.
Мұндай профилактикалық акциялар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және бұқаралық спорттық іс-шаралар кезінде қауіпсіз әрі жайлы атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді.
#законипорядок #заңментәртіп
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1259274?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау