Облыстық мәслихат төрағасы Н.С.Кобжанов, облыстық мәслихат депутаттары А.Ж.Әлімжанов, А.Б. Жұмағұлов, А.В.Ляпунов, облыстың Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Б.Байбосыновпен бірге Қарқаралы ауданына барып, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Жұмыс сапарына Қарқаралы ауданының әкімі С.К.Мусин, аудандық мәслихат төрағасы С.К.Оспанов, облыстық басқармалардың, аудандық атқарушы органдар мен қоғам өкілдері қатысты.
Депутаттар бірқатар әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен танысып, су құбыры желілері, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, №16 орта мектеп пен мәдениет үйі сияқты Қарағайлы кентіндегі күрделі жөндеу объектілеріне, сондай-ақ тазарту құрылыстары, «Жарлы-Қарқаралы» топтық су құбыры, «Бұғылы» туристік аймағының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы және Қарқаралы қаласындағы стадионға барды. Жобаларды іске асыру мерзімдерін сақтауға, атқарылатын құрылыс жұмыстарының сапасына, бюджет қаражатын тиімді игеруге және мердігер ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындауына ерекше назар аударылды.
Сапар аясында облыстық мәслихат төрағасы Н.С.Кобжанов Қарағайлы кенті тұрғындарын жеке қабылдау өткізді. Тұрғындардың өтініштері кентішілік жолдардың жай-күйіне, оларды асфальттау қажеттілігіне, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтауға, сапалы сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге, құрылысты аяқтауға және су бұру жүйесін пайдалануға беруге, сондай-ақ экология саласындағы мәселелерді шешуге қатысты болды. Барлық өтініштер бойынша тұрғындарға қажетті түсініктемелер берілді. Көтерілген мәселелер мен құрылыс жобаларын іске асыруды депутаттар бақылауға алды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша депутаттар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды аяқтау жөніндегі шараларды айқындады. Мердігер ұйымдарға анықталған кемшіліктерді жою және жұмыстарды орындау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылды. Мемлекеттік органдарға жұмысты үйлестіруді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау мерзімдері мен сапасының сақталуын бақылауды күшейту жөнінде ұсыным берілді.
Қарқаралы ауданының инфрақұрылымын дамыту жобаларының іске асырылуына депутаттық бақылау жалғасатын болады. района будет продолжен.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1259273?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау