Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 20 шілдеде сағат 10:00-де Федоров ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.

Сессияның қарауына мынадай мәселелер енгізіледі:

  1. Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы.
  2. Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 167 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 67 «Федоров ауданы әкімінің жанындағы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. Мәслихаттың 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 152 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Анықтама телефоны: 8-714-42-79009.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/press/news/details/1258467?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version