
Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 20 шілдеде сағат 10:00-де Федоров ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның қарауына мынадай мәселелер енгізіледі:
- Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы.
- Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 167 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 67 «Федоров ауданы әкімінің жанындағы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 152 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Анықтама телефоны: 8-714-42-79009.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/press/news/details/1258467?lang=ru

Жауап қалдыру