Химиялық кәсіпорында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалының басшылығымен кездесу өткізді.

     Жұмыс сапары аясында вице-министр кәсіпорынның қауіпті өндірістік объектілерінің жұмысымен, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйімен және өндірістік бақылаудың ұйымдастырылуымен танысты. Кәсіпорын қазіргі таңда Жамбыл облысындағы жетекші химия кәсіпорындарының қатарына кіреді және минералды тыңайтқыштар өндіруге маманданған. Кездесу барысында жабдықтарды қауіпсіз пайдалану, авариялардың алдын алу және жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Кездесуді қорытындылай келе, вице-министр жұмыскерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша уақтылы оқыту және олардың біліктілігін жүйелі түрде арттыру жөніндегі жұмысты жандандырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл өндірістік тәуекелдерді төмендетуге және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1258561?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version