«Таза Қазақстан» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Лепсі ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Іс-шара барысында учаскелік полиция қызметкері ауыл тұрғындарымен жеке кездесулер өткізіп, елді мекен аумағын таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға төкпеу, абаттандыру және санитарлық талаптарды сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жаңа заң талаптарына сәйкес қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапкершілік күшейтілгені түсіндірілді.

Сондай-ақ құрылыс нысандарында жұмыс істейтін азаматтармен де кездесулер ұйымдастырылып, құрылыс қалдықтарын арнайы орындарға шығару, санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігі ескертілді.

Ауыл тұрғындарына тазалықты сақтау – әр азаматтың міндеті екені түсіндіріліп, заң талаптарын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-lepsi/press/news/details/1258560?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version