Мұнайлы ауданында пробация есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұнайлы ауданында аудан әкімінің орынбасары Сара Ноғаеваның төрағалығымен консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті.

Жиында Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Мұнайлы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды әлеуметтік қолдау, олардың тұрмыстық жағдайын зерделеу, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, жұмыспен қамту және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары Сара Ноғаева жауапты мемлекеттік органдарға пробация есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу, оларды жұмыспен қамту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1258635?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version