2026 жылғы 9 шілдеде Есіл ауданының білім бөлімі өкілдері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өткізген кеңеске қатысты. Кездесу барысында камералық бақылау бөлімінің басшысы 2024 жылғы 1 қарашада енгізілген «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулін қолдану тәртібі мен оны дамыту перспективалары бойынша түсініктеме берді. Аталған модуль «Қазынашылық-клиент» деректер базасымен, Оқу-ағарту министрлігінің және кадр қызметтерінің («Е-қызмет» және «Енбек») ақпараттық жүйелерімен біріктірілген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esil-ooe/press/news/details/1258636?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау