Қарағанды облысы прокуратурасының бастамасымен заңнамадағы әкімшілік кедергі жойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетпен бірлесіп, заңнамада инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылды анықтады.

Бұған дейін қолданыста болған «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның нормалары пайдалануға қабылдау актісі бекітілмеген объектілерді пайдалануға жол тыйым салған.

Сонымен қатар, іске қосу-баптау жұмыстары кезеңінде объектілерді пайдалану мүмкіндігі тек арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары үшін ғана көзделген. Ал индустриялық аймақтар аумағында жобаларды іске асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін мұндай құқық заңнамада қарастырылмаған.

Тиісті құқықтық тетіктің болмауы бизнес үшін қосымша әкімшілік кедергілер туғызып, өндірістік объектілерді іске қосу процесін қиындатқан әрі индустриялық аймақтардағы инвесторларды арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларымен салыстырғанда тең емес жағдайға қойған.

Қарағанды облысы прокуратурасының заңнаманы жетілдіру жөніндегі бастамасы Бас прокуратура мен Комитет тарапынан қолдау тапты. Тиісті ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органға жолданып, жаңа Құрылыс кодексін әзірлеу барысында ескерілді.

Нәтижесінде, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне индустриялық аймақтар аумағындағы өнеркәсіптік (өндірістік) объектілерді іске қосу-баптау жұмыстары кезеңінде пайдалануға беруге мүмкіндік беретін норма енгізілді.

Қабылданған өзгерістер әкімшілік кедергіні жоюға, инвесторлар үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға және инвестициялық жобаларды іске асыруда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етті.

Бизнестің дамуына және инвестицияларды тартуға кедергі келтіретін жүйелі әкімшілік тосқауылдарды анықтау және жою жұмыстары жалғасуда.

Қарағанды облысының прокуратурасы құқықтары бұзылған немесе әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (701) 544-08-59 телефоны арқылы немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1258284?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version