«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама.

 

 

  1. Кіріспе бөлім
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  3. Негіздеме: Алабота ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 22 мамырдағы №20-Ө өкімімен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы».
  4. Талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы 01 маусымнан 2026 жылғы 30 маусымға дейін.
  5. Талданатын кезең: 2025 жылғы 01 шілдеден 2026 жылғы 01 маусымға дейін.
  6. Бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер зерделенді, оның ішінде: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексі; мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер.

Нормативтік құқықтық актілерді зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын нормалар, құқықтық қайшылықтар, заңнамадағы олқылықтар немесе негізсіз шешім қабылдауға мүмкіндік беретін нормалар анықталған жоқ.

Қорытынды: қызметті жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтай отырып, қабылданатын шешімдердің заңдылығын, ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету қажет.

3.1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдарды айқындау.

Ауылдық округі әкімдігі аппаратының штаттық саны 3 бірлікті құрайды:

 ауылдық округ әкімі;

 бас маман;

 бас маман – бас бухгалтер.

Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім лауазымдар ретінде ауылдық округ әкімі мен бас маман – бас бухгалтер лауазымдары айқындалды, өйткені аталған лауазымды тұлғалар басқарушылық шешімдер қабылдауға, бюджеттік қаражаттарды басқаруға, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және қаржылық құжаттарға қол қоюға қатысады.

Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелі мекеменің штат санының аз болуына байланысты жекелеген басқарушылық және қаржылық функциялардың шоғырлануымен байланысты.

Аталған тәуекелдерді азайту мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары сақталады, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдар тарапынан бақылау жүзеге асырылады.

Талданатын кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген шектеулерді бұзғаны үшін бір мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды, бұл жауапкершіліктің бұлтартпастық қағидатының сақталуын көрсетеді.

Қорытынды: кадрлық саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ықтимал сипатқа ие және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету және лауазымдық міндеттердің орындалуын тұрақты бақылау арқылы азайтылып отыр.

3.2. Мүдделер қақтығысын реттеу

Талдау барысында басқарушылық шешімдерді қабылдау, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және шарттар жасасу кезінде мүдделер қақтығысының болу мәселелері қаралды.

Мүдделер қақтығысының туындау тәуекелі лауазымды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен өзара әрекеттесуі кезінде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында орын алуы мүмкін.

 

Жүргізілген талдау нәтижесінде ауылдық округі әкімдігі аппаратының лауазымды тұлғаларының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының мемлекеттік сатып алуға және өзге де рәсімдерге қатысу фактілері анықталған жоқ.

Қорытынды: мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Тәуекелдер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау және қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету арқылы азайтылады.

3.3. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Талданатын кезеңде ауылдық округі әкімінің аппараты жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсетті.

Барлығы 16 мемлекеттік қызмет қаралды, оның ішінде:

 15 мемлекеттік қызмет оң нәтиже бойынша көрсетілді;

 1 мемлекеттік қызмет бойынша дәлелді бас тарту берілді.

Осы саладағы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелі өтініш берушілердің құжаттарын қарау кезінде субъективті көзқарастың болуы және көрсетілетін қызметті алушы мен лауазымды тұлға арасындағы тікелей байланысқа байланысты болуы мүмкін.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдері заңнамамен регламенттелген, автоматтандырылған және ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау ықтималдығын едәуір төмендетеді.

Шахметова Қ.К.-ның өтініші бойынша бас тарту уәкілетті мемлекеттік органның теріс қорытындысы негізінде қабылданды, бұл қабылданған шешімнің объективтілігін растайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілері, лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар мен өтініштер тіркелген жоқ.

Қорытынды: мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері процестерді цифрландыру, рәсімдерді нақты регламенттеу және ведомствоаралық келісу тетіктерінің болуы арқылы барынша азайтылған.

3.4. Бақылау-ревизиялық функцияларды іске асыру.

Ауылдық округі әкімінің аппараты «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерінің сақталуына бақылау жүргізеді.

Талданатын кезеңде 17 өтініш келіп түсті, оның ішінде 13 өтініш жеке тұлғалардан және 4 өтініш заңды тұлғалардан түскен. Барлық өтініштер «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде тіркеліп, заңнамада белгіленген тәртіппен қаралды.

Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелі өтініштерді қарау мерзімдерін бұзуда, келіп түскен өтініштерді жасыруда немесе объективті емес шешімдер қабылдауда көрінуі мүмкін.

Талдау нәтижесінде барлық өтініштердің заңнамада белгіленген мерзімдерде қаралғаны анықталды. Өтініштерді қарау тәртібін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Құқықтық статистика органдарымен салыстыру жұмыстары жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.

Қорытынды: бақылау қызметі саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Қолданыстағы есепке алу және бақылау тетіктері өтініштерді қараудың ашықтығын және өтініш берушілердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді.

3.5. Бюджеттік және қаржылық қаражаттарды игеру және бөлу.

2025 жылы қаржыландыру көлемі 29 813,0 мың теңгені құрады, бюджет қаражаты толық көлемде игерілді.

2026 жылы қаржыландыру көлемі 51 293,0 мың теңгені құрайды, бюджеттің орындалуы бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда.

Осы саладағы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері шығыстарды жоспарлауға, бюджеттік қаражаттарды бөлуге және оларды пайдалану жөніндегі шешімдерді қабылдауға байланысты болуы мүмкін.

Сонымен қатар, қаржылық операциялар бюджеттік заңнама шеңберінде, қаржылық бақылау мен бухгалтерлік есептің белгіленген рәсімдерін сақтай отырып жүзеге асырылады.

Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану, негізсіз шығыстар жасау немесе қаржылық тәртіпті бұзу фактілері анықталған жоқ.

Қорытынды: бюджеттік қаражаттарды басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бюджеттік заңнама талаптарын сақтау және қаржылық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету арқылы азайтылған.

3.6. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Талданатын кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы ниет шарттары мен меморандумдар жасалды.

Сонымен қатар, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүзеге асырылды.

Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелі жеткізушілерді таңдау, шарттар жасасу және орындалған жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдау барысында туындауы мүмкін.

Талдау нәтижесінде сатып алу рәсімдерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізілгені анықталды. Мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында ашық түрде орналастырылады.

Шағымдар, сот даулары, жеткізушілерді негізсіз таңдау немесе заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ.

Қорытынды: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сатып алу рәсімдерінің автоматтандырылуы, ақпараттың жариялылығы және заңнама талаптарының сақталуы арқылы барынша азайтылған.

3.7. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.

Талданатын кезеңде ауылдық округі әкімінің аппаратына 17 өтініш келіп түсті, оның ішінде 13 өтініш жеке тұлғалардан және 4 өтініш заңды тұлғалардан.

Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша шағымдар мен хабарламалар түскен жоқ.

Тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және қызметтік әдеп нормаларын ұстану мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі ықтимал тәуекелдердің бірі аппараттың штат санының шектеулі болуы жағдайында шешім қабылдау болып табылады.

Тәуекелдерді азайту мақсатында заңдылық, ашықтық, есептілік және лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігі қағидаттарының сақталуы қамтамасыз етіледі.

Қорытынды: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ықтимал сипатқа ие және ауылдық округі әкімдігі аппараты басшылығының тұрақты бақылауында.

Талдамалық анықтаманың қорытынды бөлігі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.

Сонымен қатар, кадрлық қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету, бюджеттік қаражаттарды басқару және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру салаларында ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалды.

Қолданыстағы ішкі бақылау тетіктері, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін пайдалану, мемлекеттік сатып алуды веб-портал арқылы жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау және мемлекеттік қызмет қағидаттарын ұстану аталған тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.

 

Комиссия төрағасы:                              ____________ Ж.Р. Жұқашев

 

Комиссия мүшелері:                              ___________ Ю.И. Моздер

 

____________ Ж.А. Искакова

 

____________ А.Ю. Гербст

 

Комиссия хатшысы:                              ____________ Д.Н. Елеусізова

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tayiynsha-alabota/press/news/details/1258285?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version