2026 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов азаматтың өтінішін қарау мақсатында жұмыс кездесуін өткізді.
🔷Кездесуге Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысы А. Исабекова, департамент басшысының орынбасары М. Мұхтаров, сондай-ақ жеке сот орындаушы Б. Досболов қатысты.
🔷Жұмыс кездесуі барысында арызданушының өтінішінде көтерілген мәселелер жан-жақты талданып, атқарушылық іс жүргізу шеңберіндегі құқықтық мәселелер қарастырылды. Тараптар қолданыстағы заңнама талаптары негізінде өтініштің мән-жайын зерделеп, азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған шешу жолдарын талқылады.
🔷Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының басты міндеттерінің бірі – азаматтардың өтініштерін объективті қарап, олардың құқықтарының сақталуына ықпал ету. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1258779?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау