2 және 8 шілде күндері төраға орынбасары Ә. Әубәкіров «Ақмола облысы Целиноград ауданының Талапкер және Қажымұқан ауылдарына дейін Покров жерасты су кен орнынан су құбырын салу. I кезек» нысанына жұмыс сапарларын жасады.
Жұмыс сапарлары барысында мердігер ұйымның, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау мамандарының қатысуымен жұмыс кеңестері өтті. Кеңестерде құрылыс жұмыстарының барысы, жұмыс кестесінің сақталуы, құрылыс сапасы және ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша төраға орынбасары құрылыс-монтаждау жұмыстарын белгіленген мерзімде орындауды, барлық кезеңде сапаны бақылауды күшейтуді және нысанды уақтылы аяқтау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/komwater/press/news/details/1258703?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау