Қаратал ауданының полиция бөлімі 2026 жылғы 15–31 шілде аралығында заңсыз қару айналымының алдын алу мақсатында республикалық «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді.
Заңсыз сақталған қару – қоғам қауіпсіздігіне қатер!
Іс-шараның негізгі мақсаты:
Заңсыз қару айналымының жолын кесу;
Азаматтардан тіркелмеген қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау;
Құқық бұзушылықтардың алдын алу;
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Егер сізде заңсыз сақталған қару туралы ақпарат болса немесе қаруды өз еркіңізбен тапсырғыңыз келсе, 102 нөміріне хабарласыңыз.
Ерікті түрде тапсырылған қару үшін заңда көзделген жеңілдіктер қарастырылған.
Қаратал ауданының полиция бөлімі
«Құқықты қорғаймыз – халыққа қызмет етеміз!»
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1258702?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау