ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XLV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы өтіп, оған қалалық мәслихаттың төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық етті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары және жауапты сала мамандары қатысты.
Сессия барысында Түркістан қаласында әлеуметтік көмек көрсету тәртібін жетілдіруге қатысты мәселелер қаралды. Атап айтқанда, әлеуметтік көмек көрсетудің қағидаларын, оның мөлшерлерін белгілеуді және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, сондай-ақ Түркістан қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, жауапты сала өкілдері тарапынан тиісті түсіндірмелер берілді. Талқылау нәтижесінде ұсынылған жобалар депутаттардың бірауыздан қолдауына ие болып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1259043?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version