Зайсан көліндегі қауіпсіздік: полиция мен құтқарушылар профилактикалық рейд өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зайсан көліндегі қауіпсіздік: полиция мен құтқарушылар профилактикалық рейд өткізді

Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарымен бірлесіп, Зайсан көлінің жағалауында профилактикалық рейд өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Тәртіп сақшылары демалушыларға тек арнайы белгіленген орындарда ғана шомылу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, мас күйінде суға түсуге болмайтыны, балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау және қайықпен жүрген кезде құтқару кеудешесін міндетті түрде кию қажеттігі түсіндірілді.

Рейд барысында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар демалушыларға төтенше жағдайлар қызметтерінің байланыс нөмірлері көрсетілген жадынамалар таратып, судағы қауіпсіздік қағидаларын тағы бір мәрте түсіндірді. Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің жауапкершілігі мен қырағылығына байланысты екені айтылды.

«Су салғырттықты кешірмейді, ал дер кезінде танытылған қырағылық адам өмірін сақтап қалады», – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар ауданның су айдындарында жазғы маусым бойы жалғасады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1259044?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version