Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бірлесіп жүргізген профилактикалық рейдтер барысында кәмелетке толмағандарды еңбек шартын рәсімдемей жұмысқа тартудың 10 фактісі анықталды. Анықталған барлық заң бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Жұмыс берушілердің назарына: кәмелетке толмағандармен еңбек қатынастары жұмысқа кіріскен алғашқы күннен бастап ресми түрде рәсімделуі тиіс. Жасөспірімдерді ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ түнгі уақытта жұмысқа тартуға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандар үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1258312?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау