🏛️ 2026 жылдың 9 шілдесінде Талдықорған қаласының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы алаңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы Б.Молдахметов, «Атамекен» Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы директоры, облыстық мәслихат депутаты Д.Оңалбаев пен «Алматы және Жетісу облыстарының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ә.Қыдырманов және бірқатар кәсіподақ ұйымдары мен кәсіпорын басшыларымен жоспарлы кездесу өткізілді.
🖌️ Кездесу барысында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.Ертаевтың балардың еңбек құқықтарын қорғау бөлігіндегі Хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, балалардың еңбек құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
✅ Отырыс барысында Атамекен» Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы директоры Д.Оңалбаев, «Алматы және Жетісу облыстарының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ә.Қыдырманов және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлістігінің басшысы Қ.Жақсылық жұмыскерлермен ЖОМС және еңбек пен ұжымдық шарттарды жасасуға қатысты туындайтын, әрі жиі кездесетін мәселелерді талқылады.
📃 Талқылау қорытындысы бойынша, ұйымдарда балардың еңбек құқықтарын қорғау, еңбек және ЖОМС шарттарымен қамту деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды келісу жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-lab/press/news/details/1258896?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау