Жұмыс сапары барысында аудан әкімі округ аумағындағы егіс алқаптарын аралап, мал азығын дайындау жұмыстарының барысымен танысты.
Алдымен «Нұрлан-Қаракөз» ауыл шаруашылығы кооперативінің жұмысымен танысты. Кооператив сүт өнімдерін өңдеу бағытында жұмыс істейді. Бүгінде мұнда 60 бас ұсақ мүйізді мал тіркелген. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүт өнімдерін өңдеу жобасын жүзеге асыру үшін 31 млн теңгеге өтінім берілген. Қазіргі таңда 250 рулон мал азығы дайындалған.
Сондай-ақ «Құрмансай» шаруа қожалығында мал азығын дайындау жұмыстары қаралды. Шаруашылық 15 гектар судан шөбін егіп, бүгінгі күні 200 рулон мал азығын әзірлеген.
«Иван» шаруа қожалығында егіс алқаптарының жағдайымен танысып, биылғы маусымда егілген 150 гектар арпа мен 50 гектар судан шөбінің жай-күйі қаралды. Шаруашылықта 270 рулон мал азығы дайындалған.
Жұмыс сапары Шаңды ауылында жалғасып, «Фиалка» шаруа қожалығының егіс алқаптары мен мал азығын дайындау барысы зерделенді. Шаруашылықта 380 гектар бидай, 106 гектар арпа және 180 гектар қара бидай егілген. Қазіргі таңда 600 рулон мал азығы дайындалған.
Одан әрі «Факель» шаруа қожалығында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Шаруашылықта 1100 гектар бидай мен 600 гектар қара бидай өсіріліп, бүгінгі күнге дейін 3500 рулон мал азығы дайындалған.
Сонымен қатар шаруашылықта заманауи DJI Agras T70 ауыл шаруашылығы дроны қолданылуда. Бұл технология тыңайтқыш енгізу, өсімдіктерді қорғау құралдарын бүрку және тұқым себу жұмыстарын жоғары тиімділікпен жүргізуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде «Факель» шаруа қожалығы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы құны 89 млн теңге болатын Lovol GK120 астық жинау комбайнын жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында сатып алған.
Жалпы Құрмансай ауылдық округіне қарасты «Иван», «Влад-2025», «Олимп» және «Факель» шаруа қожалықтары мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланып, жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен 7 жыл мерзімге жеңілдетілген лизинг арқылы 4 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, техникалық парктерін жаңартқан.
Мұндай қолдау шаралары агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, өндіріс тиімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізуге оң ықпал етуде. перевели на русский
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1259644?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау