JASYL EL CUP – 2026

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 шілдеде Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және облыстық «Жасыл ел» штабының ұйымдастыруымен «Jasyl El Cup – 2026» волейбол турнирі өтті. Турнирге «Jasyl El» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары қатысты.

Турнирдің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және «Jasyl El» жастар еңбек жасақтары сарбаздарының жұмыстан тыс қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуын дамыту.

Турнирдің ашылу салтанатына Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы және «Атамекен» студенттік жасақтарының жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы Нұржан Құрманғалиұлы қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен, кубоктармен, медальдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Турнирге Ақтөбе қаласынан NOVAA, GREEN POWER, ЖАЛЫН, SET&WIN, ЖАСТАР, ECO DRIVE командалары, сондай-ақ бес ауданнан Қарабұтақ құрамасы, Қобда, Әйтеке би құрамасы, Алға, Рух Орқаш, Мәртөк жастары командалары қатысып, барлығы 12 команда бақ сынады.

Жарыс нәтижесі бойынша:

  • 🥇 І орын – NOVAA командасы;
  • 🥈 ІІ орын – Әйтеке би құрамасы;
  • 🥉 ІІІ орын – Қарабұтақ құрамасы.

Арнайы номинациялар:

  • «Үздік қорғаушы» – Азизова Дильназ («Мәртөк жастары»);
  • «Үздік шабуылшы» – Тілеуіш Нұрхан («Қобда»);
  • «Үздік ойыншы» – Мұхитқызы Әсем («Қарабұтақ»).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1259643?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version