1-сыныпқа қабылдау басталды
Құрметті ата-аналар!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес, Қарағанды облысы Шет ауданының білім беру ұйымдарында 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау жүргізіледі.
Қабылдау келесі мерзімдер бойынша жүзеге асырылады:
- Негізгі қабылдау кезеңі: 29 маусым – 10 шілде
- Қосымша қабылдау кезеңі: 11 шілде – 31 тамыз (негізгі кезеңде құжат тапсырып үлгермеген ата-аналар үшін).
Ата-аналардан баланы бірінші сыныпқа қабылдау мерзімдерін назардан тыс қалдырмауды сұраймыз. Құжаттарды белгіленген уақыт аралығында тапсыру баланың мектепке уақытылы қабылдануына мүмкіндік береді.
Маңызды ақпарат!
Мектепалды даярлық сыныптарында білім алған балалар, егер сол білім беру ұйымында оқуын жалғастыратын болса, 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Бұл жағдайда ата-аналарға қосымша өтініш берудің қажеті жоқ.
Қосымша ақпарат алу үшін мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.
Болашақ бірінші сынып оқушыларына сәттілік, ал ата-аналарға жауапты кезеңде табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-mointy/press/news/details/1259714?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау