«Заң мен тәртіп»: Астанада балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Сарыарқа ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерімен балалардың терезеден құлап кету жағдайларының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық әңгіме өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында ата-аналарға қауіпсіздік шаралары, балаларды үнемі бақылауда ұстау қажеттілігі, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау, сондай-ақ терезелерге арнайы блокираторлар мен шектеуіш құрылғыларын орнатудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сарыарқа ауданының прокуратурасы ата-аналарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және балалар үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге шақырады.

Аталған бағыттағы жұмыс жүріп жатыр және аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.

#законипорядок #заңментәртіп

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1259713?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version