Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған маңызды экологиялық бастама ғана емес, сонымен қатар халық денсаулығына оң әсер ететін игі жоба.
Әсіресе жастардың бұл бастамаға белсенді қатысып, сенбіліктерге шығуы, ағаш отырғызуы, табиғатты қорғау жөніндегі жобаларға атсалысуы – болашаққа деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Туған жердің тазалығы мен көркеюіне әрбір азамат өз үлесін қосса, мұндай бастамалардың нәтижесі де әлдеқайда ауқымды болады.
Ақшатау кентіне қарасты Жарылғап батыр ауылындағы студент жастар атап айтқанда Аманбек Нурислам, Қуанышбек Ербатыр, Естай Інжумаржан жазғы каникул кезеңінде Шет аудандық Мансап орталығы 2-айға ақылы жұмысқа қабылданып, ауылдың тазалығына өз үлестерін қосуда
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshatau/press/news/details/1259652?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау