Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Департаменттің әкімшілік ғимаратында келушілерге қолжетімді орындарда тақырыптық жадынамалар, брошюралар және өзге де ақпараттық материалдар орналастырылған. Аталған материалдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары, оның алдын алу шаралары және азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдері түсіндіріледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың қатысуын талап етеді. Кез келген заңсыз ұсыныстар мен сыйақылардан бас тарту, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау қажет.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 бірыңғай байланыс нөмірі арқылы хабарлауға болады.
Департамент заңдылық, ашықтық, адалдық және барлық азаматтарға тең қарым-қатынас жасау қағидаттарын ұстанады.
#БасТарт #ЖолынКес #Хабарла
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1259653?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау