Ақмола облысының полицейлері көлікті ұрлап, ЖКО жасап, оқиға орнынан жасырынған күдіктіні ұстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының полицейлері ұрланған көлік құралын басқарып, жол-көлік оқиғасын жасаған және апат орнынан жасырынған ер адамды ұстады.
Полицейлердің айтуынша, мұндай қылмыстарды мас күйінде жүрген адамдар жиі жасайды. Осындай жағдайлардың Степногорск қаласында орын алды.
Полиция қызметкерлері анықтағандай, алкоголь өнімін ішкен ер адам бұрынғы жұбайының көлігінің кілттері өзінде қалғаны есіне түскен. Автокөлік әдеттегі автотұрақта деп болжап, сол жерге барып, Renault Scenic маркалы көлікті заңсыз иемденді.
Біраз уақыттан кейін Степногорск қаласының полиция басқармасына көлік құралы ұрланғаны туралы өтініш түсті.
Тергеу барысында ұрланған көлікті басқарған күдіктінің жол-көлік оқиғасын жасағаны, одан кейін апат орнынан жасырынғаны анықталды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ер адамның орналасқан жерін анықтап, оны ұстады және одан әрі тексеріс жүргізу үшін полиция басқармасына жеткізді.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның мән-жайы белгіленуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1259982?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version