ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Е.А. Садырбаев Алматы қаласындағы «Метрополитен» МКК-да жұмыс сапарымен болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Сапар аясында вице-министр авариялық-құтқару қызметінің материалдық-техникалық базасын, оқу-жаттығу полигонын, қызметкерлерге арналған дене шынықтыру-сауықтыру орталығын және электр депосының нысандарын кешенді түрде тексерді. Күн тәртібінде жерасты құрылыстарының қауіпсіздігін нығайту, төтенше жағдайларға жедел ден қою дағдыларын жетілдіру және бірлескен практикалық іс-шараларды ұйымдастыру мәселері қаралды.

     Нәтижесінде азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалды. Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығымен ақпарат алмасуды және өзара іс-қимылды жолға қою, эвакуациялық жаттығуларды жүйелі өткізу, сондай-ақ жүк көтергіш жабдықтарды заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік есепке қою бойынша нақты шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1259977?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version