«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Бадам ауылдық округінде санитарлық тазалық талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
✔️2026 жылдың 1 шілдесінен бастап елді мекендерді абаттандырудың жаңартылған қағидалары қолданысқа енді. Қағидаларға сәйкес жеке тұрғын үй иелері өз үйлеріне іргелес аумақтың тазалығын қамтамасыз етіп, қоқыс, құрылыс қалдықтары мен арамшөптің жиналуына жол бермеуге міндетті.
✔️Рейд барысында ауылдық округ әкімдігі қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, анықталған кемшіліктерді бір апта мерзім ішінде жою қажеттігін ескертті. Тұрғындарға үй ауласы мен оған іргелес аумақтарды тазалап, санитарлық талаптарды сақтау міндеті түсіндірілді.
✔️Белгіленген мерзімде талаптар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, алғаш рет құқық бұзушылық анықталса ескерту немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
📌Таза әрі көрікті ауыл – баршамыздың ортақ міндетіміз.
📌Әрбір тұрғынды өз ауласы мен оған іргелес аумақтың тазалығына жауапкершілікпен қарап, туған ауылымыздың көркеюіне бірге үлес қосуға шақырамыз.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1260058?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау