Бразилия БАҚ өкілдеріне арналған брифинг

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бразилиа, 2026 жылғы 16 шілде – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінде бразилиялық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған кезекті баспасөз брифингі өтті.

Брифинг барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформаларға, соның ішінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына, алдағы бір палаталы Құрылтайға сайлауға және «Қазақстан Халық Кеңесінің» құрамын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстанда өтетін алдағы саяси оқиғаларға зор қызығушылық танытты. Қазақстандағы конституциялық реформаларға жоғары баға берген бразилиялық журналистер елімізге және Қазақстан халқына алдағы Құрылтай сайлауында табыс тіледі. Кездесу барысында ү.ж. 23 тамызда өтетін парламенттік сайлаудың қорытындылары бойынша келесі баспасөз брифингін өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Брифинг соңында Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов бразилиялық журналистерге көпжылдық жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына
33 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Елшілігінің Алғыс грамоталарын табыс етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1260057?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version