Бүгін облыс әкімдігінде ауылдық жерлердегі өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібі мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірде 257 ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 81 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Олардың қарамағында 84 бірлік техника бар, оның ішінде 55 өрт сөндіру автоцистернасы және 29 шағын орман-патрульдік кешені бар.

Материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 19 ауылда жылытылатын өрт сөндіру бокстарының құрылысы және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Алты нысанда жұмыстар толық аяқталды, тағы бес нысанды шілде-тамыз айларында пайдалануға беру жоспарлануда, ал қалғандары күздің соңына дейін аяқталады.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі де ерекше аталып өтті. Өткен жылы жеке инвестициялар есебінен Жоламан және Галицкое ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылып, Луганск ауылындағы қолданыстағы өрт сөндіру пункті толық жаңғыртылды.

Сонымен қатар ауылдық өрт сөндіру бекеттері қызметкерлерін даярлау мәселесі қаралды. Қызметкерлерге тиісті сертификаттар бере отырып, арнайы бастапқы оқытуды қайта жандандыру ұсынылды.

Жиналысты қорытындылаған өңір басшысы өрт сөндіру бекеттерінің техникалық дайындығын тұрақты бақылауда ұстауды, жаңа нысандардың құрылысын жалғастыруды және олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырды.

Сонымен қатар жиналыс барысында Мемлекет басшысы, Президент Әкімшілігі және Премьер-Министр берген тапсырмалардың орындалу барысы да қаралды. Қазіргі таңда облыс әкімдігінің бақылауында барлығы 1 202 тапсырма бар. Оның ішінде 481 тапсырма орындалған, қалған тапсырмалар орындалу үстінде.

Президенттің Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарлары барысында берген тапсырмалары, сондай-ақ негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері ерекше бақылауда.

Асайын Байханов мемлекеттік органдар басшыларынан формальды жауап беру тәжірибесінен бас тартып, нақты нәтижеге қол жеткізуді талап етті.

– Әрбір тапсырма уақытылы, сапалы әрі нақты нәтижемен орындалуы тиіс. Басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері ұсынылатын ақпараттың сапасы, толықтығы және дұрыстығы үшін жеке жауапты, – деп атап өтті өңір басшысы.

Жиналыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасарларына жетекшілік ететін салалары бойынша атқарушылық тәртіпке бақылауды күшейту және бақылауда тұрған барлық тапсырмалар бойынша нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1259427?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version