Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында еліміздің әр түкпірінде санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Осы бағыттағы жүйелі шаралар Қарақия ауданында да жалғасын табуда. Бүгін Құрық ауылында аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы мониторингтік топтың қатысуымен маңызды рейдтік іс-шара өтті.
Рейд барысында негізгі назар қараусыздықтан тозығы жетіп, қирандыға айналған үйлер мен нысандардың жай-күйіне аударылды. Ауыл ішіндегі мұндай қараусыз ғимараттар тек елді мекеннің эстетикалық келбетіне нұқсан келтіріп қана қоймай, санитарлық нормалардың бұзылуына және өрт қаупінің артуына тікелей әсер етеді. Осы орайда, мониторингтік топ мүшелері аталған қиранды үйлердің иелерін анықтап, оларға заң талаптары мен өз аумақтарын күтіп ұстау жөніндегі міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Нысан иелеріне анықталған кемшіліктерді жою, атап айтқанда, аумақты ретке келтіру немесе заңсыз үйінділерді тазалау қажеттігі ресми түрде ескертіліп, бұл жұмыстарды орындау үшін нақты белгіленген мерзім берілді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1259416?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау