Гашиш майын ас үйде орап-сатуға дайындаған: елордада екі есірткі таратушы ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елорда полицейлері гашиш майын сақтап, таратумен айналысқан екі ер адамның қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
Жедел іс-шаралар барысында елордада тұратын 24 және 23 жастағы екі ер адамның бір кіреберістегі әртүрлі қабаттардан пәтер жалдағаны анықталды. Олар бірлесіп, интернет-мессенджерлер арқылы гашиш майын таратып, есірткі заттарын жасырын орындарға қойып отырған.
Екі пәтерде жүргізілген тінту барысында ішінде сары түсті сұйық зат бар пластик құтылар, электронды таразылар, орау материалдары және құрамында есірткі заты бар ыдыстар табылды. Сараптама нәтижесінде аталған заттың гашиш майы екені анықталды.
Сонымен қатар пәтерлердің бірінің ас үйінен құрамында есірткі затының іздері бар мантоварка тәркіленді. Тергеу барысында күдіктілер гашиш майын әрі қарай орап, таратуға ыңғайлы болу үшін осы ыдыста еріткені анықталды.
Тінту барысында барлығы бір жарым килограмнан астам гашиш майы мен марихуана тәркіленді.
Есірткі таратушылардың заңсыз әрекетінің жолы кесілді. Анықталған барлық есірткі заттары тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция есірткі заттарын заңсыз сақтау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Егер есірткінің заңсыз айналымына қатысты фактілер белгілі болса, полицияға хабарлаңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1259455?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version