СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚЫРЫҚ ҮШІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
14 шілде күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы және сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті.
Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№36/202-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
- 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған
жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
- Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылы округі, Тұрбат
елді мекенінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы.
- Қазығұрт ауданының Құрмет Грамотасымен наградтау туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№36/218/-VІІІ «Қазығұрт аудандық мәслихаты және оның аппаратының 2026 жылғы қызметін қамтамасыз ету шығындарының сметасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім басшылары баяндамалар жасап, депутаттардың сұрақтарына нақты жауаптарын берді. Депутаттар аталған мәселелерді жан-жақты талқылап, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессия жұмысының соңында аудан әкімінің орынбасары М.Беркінбай депутаттарға алғысын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-kazygurt/press/news/details/1259446?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау