«Мерейлі отбасы – 2026»: Таразда үлгілі жанұялар марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласында отбасы құндылықтарын дәріптеуге, өнегелі әулеттердің үлгісін насихаттауға бағытталған «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының қалалық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, байқау жеңімпаздарын құттықтады.
Қала әкімі өз сөзінде отбасы – қоғамның негізгі тірегі, адам бойындағы ізгілік пен отансүйгіштік қасиеттер қалыптасатын алтын орта екенін атап өтті. Сондай-ақ ұрпақ тәрбиесіне, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды сақтауға үлес қосып жүрген жанұяларға ризашылығын білдірді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы – отбасы институтының беделін арттыруға, қоғамдағы өнегелі отбасыларды үлгі етуге және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.

Биылғы жылы қалалық кезеңге Тараз қаласынан әртүрлі салада еңбек етіп жүрген 22 отбасы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша комиссия шешімімен Сәттібаевтар және Зайнулиндер отбасылары облыстық кезеңге жолдама алды.

Сәттібаевтар отбасы – спорт пен шығармашылықты ұштастырған, елге еңбегі сіңген азаматтар тәрбиелеп отырған көпбалалы жанұя. Отбасы мүшелері арасында спорт шеберлері, ел намысын қорғаған чемпиондар бар.
Ал Зайнулиндер отбасы – құқық қорғау саласында үш буын өкілдері қалыптасқан, қызметтік жолы мен отбасылық құндылықтарды сабақтастыра білген өнегелі әулет.

Сонымен қатар, байқауға қатысқан бірқатар отбасылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
«Өнегелі отбасы» номинациясы бойынша – Сайлыбаевтар отбасы; «Үлгілі отбасы» номинациясы бойынша – Таклышевтар отбасы; «Мейірімді отбасы» номинациясы бойынша – Дүйсебаевтар отбасы; «Өнерлі отбасы» номинациясы бойынша Оразаевтар отбасы жеңімпаз атанды.

Аталған жанұялар еңбегімен, қоғамдық белсенділігімен, бала тәрбиесіндегі үлгісімен және отбасы құндылықтарын сақтаудағы өнегелі жолымен ерекшеленді.

Айта кетейік, өткен жылы Тараз қаласынан қатысқан Бектасовтар отбасы облыстық кезеңде бас жүлдеге ие болып, Астана қаласында өткен республикалық деңгейдегі салтанатты жиында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атанған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1260022?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version