Қарағанды-Сұрыптау станциясының вокзалы 1965 жылы салынған. Станция арқылы Астана, Алматы, Павлодар, Қостанай, Петропавл, Жезқазған, Семей, Шымкент, Қызылорда, сондай-ақ Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен қатынасты қамтамасыз ететін 41 жолаушылар пойызы өтеді.
Жаңа Қарағанды станциясында 1983 жылы салынған вокзал толығымен қайта жөнделді. Станция арқылы 9 пойыз қатынайды.
1971 жылы салынған Нұра станциясында вокзал ғимаратын қайта жаңарту аяқталды. Ескі қабырғалар толық бұзылып, ғимараттың жаңа қаңқасы керамикалық кірпіштен тұрғызылды.
Станция арқылы Астана, Қарағанды және Қостанаймен қатынасты қамтамасыз ететін 6 жолаушылар пойызы қатынайды.
Сонымен қатар, Қарағанды-Сұрыптау (жұп) және Айса станцияларының жолаушылар платформалары абаттандырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1259289?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау