Жыланды ауылында 1976 жылғы мектеп түлектерінің мектеп бітіргендеріне 50 жыл толуына арналған мерейтойлық кездесу ауылдық Мәдениет үйінде өтті.
Тағылымы мол басқосу барысында түлектер ұзақ жылдардан кейін қайта қауышып, балалық шақтың жарқын естеліктерін жаңғыртып, өткен күндерді еске алды. Іс-шараға қатысушылар туған ауылдың өсіп-өркендеуіне қатысты ізгі тілектерін білдіріп, өзара сыйластық пен достықтың қадірін тағы бір мәрте айқындады.
Мерейтой аясында бірқатар қатысушыларға естелік сертификаттар мен мерейтойлық төсбелгілер табысталды. Сонымен қатар мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушылар естелік суретке түсті.
Осындай тағылымды кездесулер туған жермен байланысты нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын, достық пен бірлікті дәріптеуге, ауылдың қоғамдық өміріне деген жанашырлықты арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1259288?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау