🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында 16 шілдеде 2026 жылы Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Динара Хусаинова «Атамекен» ҰКП қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру бойынша дәріс өткізді.
🔹Реформаның негізгі бағыттарының бірі конституциялық кепілдіктерді кеңейту болды. Алғаш рет: зияткерлік меншікті қорғау құқығы, цифрлық құқықтардың кепілдіктері, дербес деректерді қорғау, цифрлық қауіпсіздік, әділ қылмыстық процестің қосымша кепілдіктері бекітілді.
Зияткерлік меншікті қорғау құқығын конституциялық деңгейде бекіту ерекше маңызға ие.
🔹Бұл мемлекет зияткерлік еңбек нәтижелерін құқықтық қорғаудың дербес объектісі деп танитынын білдіреді.
Бұл ереже авторларға, өнертапқыштарға, кәсіпкерлерге және құқық иелеріне қосымша конституциялық кепілдік береді.
🔹Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңін ашады. Ол заңның үстемдігін нығайтады, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін кеңейтеді, заманауи цифрлық құқықтарды бекітеді, зияткерлік меншікті қорғауды күшейтеді және елдің тұрақты дамуы үшін құқықтық негіз жасайды.
🔹Әрбір азаматтың басты міндеті — Конституцияны білу ғана емес, сонымен қатар оның күнделікті өмірдегі принциптерін басшылыққа алу. Тек заңға құрметпен, адам құқықтары мен әркімнің жауапкершілігін сақтай отырып, күшті, әділ және құқықтық Қазақстан құруға болады.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1259367?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау