Табыстың кілті – адал еңбек

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жаз – тек демалыс пен серуеннің ғана емес, еңбекке баулитын, жауапкершілікке тәрбиелейтін маңызды кезең. Шарбақты ауданының Галкин мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрболат Ардақ бұл жазды пайдалы іске арнап, алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтап жүр.
 
Ол жазғы жұмыспен қамту бағдарламасы аясында «ИП Дашкенов» кәсіпорнында құрт жаюшы болып еңбек етуде. Қарапайым көрінгенімен, бұл жұмыс ұқыптылықты, төзімділікті және жауапкершілікті талап етеді. Нұрболат өзіне сеніп тапсырылған міндеттерді адал атқарып, еңбек тәртібін сақтауда үлгі көрсетіп келеді.
 
Жас еңбеккер әр күн сайын жаңа тәжірибе жинап, еңбектің қадірін тереңірек түсінуде. Ұжыммен тез тіл табысып, үлкендердің ақылын тыңдап, тапсырылған іске бар ынта-жігерімен кіріседі. Оның еңбекқорлығы мен тиянақтылығы жұмыс орнында ерекше бағалануда.
 
Осындай еңбек жолындағы алғашқы қадамдар жасөспірімнің өмірлік ұстанымын қалыптастырып, болашаққа деген сенімін нығайтады. Еңбек арқылы шыңдалған жас буын – елдің ең үлкен байлығы. Ал Нұрболат секілді еңбекқор жастардың жетістігі – құрдастарына үлгі, қоғам үшін мақтаныш.
 
Еңбек еткен адам ғана табыстың тәтті дәмін сезінеді. Жазғы демалысын тиімді өткізіп жүрген Нұрболатқа сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1259414?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version