Туған өлкенің әр төбесі мен әр көшесінің өз тарихы бар. Сол тарихты іздеп, ел жадында сақталған құнды деректерді жинақтап, кітап етіп шығарған жас автордың еңбегі көпшілікке үлгі болары сөзсіз.
Павлодар облысы, Аққулы ауданы Малыбай мектебінің оқушысы Шынайым Құрманова туған ауылының өткені мен бүгінін бір арнаға тоғыстырған «Малыбай – ел мен жер тарихы» атты кітапты жарыққа шығарды.
Жас ізденуші ауыл қарияларымен сұхбаттасып, тарихи деректерді жинақтап, елге еңбегі сіңген азаматтар туралы мәліметтерді жүйелеген. Нәтижесінде туған жердің шежіресін кейінгі ұрпаққа аманаттайтын құнды еңбек дүниеге келді.
Бұл кітап – жай ғана тарих емес. Бұл – туған жерге деген құрметтің, ұлттық құндылықтарға деген адалдықтың, жас буынның ізденісі мен жауапкершілігінің айғағы.
Осындай игі бастама туған өлкенің тарихын тануға, өткенді қадірлеуге және жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттыруға жол ашады.
Туған жердің тарихын жазған жас қаламгерге шығармашылық табыс, жаңа ізденістер мен үлкен жетістіктер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1259393?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау