Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Ұлытау облысының «Алтын Орданың мұрасы» атты креативті жәрмеңкесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ұлытау – қазақ мемлекеттілігінің алтын қазығы, ұлт тарихының тамыры тереңде жатқан қасиетті өлке. Осы киелі мекеннің бай тарихи-мәдени мұрасы бүгін креативті индустриялар арқылы жаңа мазмұнда ұсынылуда. Елордаға өңірдің шығармашылық әлеуетін таныстыру үшін 60 креатор арнайы келді.
Екі күн бойы келушілер авторлық зергерлік бұйымдармен, ұлттық қолөнер туындыларымен, кескіндеме жұмыстарымен, құрақ өнерімен және Ethno Fashion топтамаларымен танысып қана қоймай, бірегей шығармашылық өнімдерді тікелей шеберлерден сатып ала алады. Сонымен қатар былғары өңдеу, ағаш ою, ұсталық, зергерлік және ұлттық музыкалық аспап жасау өнері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1260095?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау