🔹Жылыой аудандық сотының 2026 жылғы 17 маусымдағы қаулысына сәйкес, құқық бұзушылық жасау құралы ретінде алынған 421 дана темекі өнімі мемлекет пайдасына тәркіленді.
Жылыой ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушы К.О. Мухитова атқарушылық өндіріс аясында тәркіленген заттарды мемлекет меншігіне өткізу мақсатында «Жылыой аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-не белгіленген тәртіппен тапсырды.
Сот актісінің орындалуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес толық қамтамасыз етілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1260515?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау