2026 жылғы 17 шілдеде Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Қатысқандар:
Б.Бидахметов – Үлкен Нарын ауданы әкімінің орынбасары;
Ж.Сыдықова – Үлкен Нарын аудандық мәслихатының төрағасы;
Е.Айтқазин – «Әділет» партиясының Үлкен Нарын аудандық филиалының басшысы;
күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат беруге жауапты мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары;
Үлкен Нарын, Алтынбел, Ново-Поляковка ауылдық округтерінің әкімдері.
Отырыс барысында аудан тұрғындарының мүддесіне қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесін қарау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері кәмелетке толмағандардың және жүргізуші куәлігі жоқ азаматтардың мотоцикл басқару жағдайларына, сондай-ақ білім беру ұйымдарының маңына жол белгілерін орнату және жаңарту қажеттілігіне назар аударды.
Қараусыз жүрген жануарлар мәселесі көтерілді. Қоғамдық кеңес мүшелері қараусыз жүрген иттер мен еркін жайылатын малдың тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігін айтты.
Қараусыз қалған тұрғын үйлер мәселесі талқыланды. Мұндай нысандар бойынша заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстарды жалғастыру ұсынылды.
Үлкен Нарын ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту мәселесі ең қызу талқыланған мәселе болды. Отырыс барысында тұрғындарды жаңа су құбыры желілеріне қосу, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және қосылу тәртібі туралы тұрғындарды ақпараттандыру мәселелері көтерілді. Талқылау қорытындысы бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейту, су құбыры желісіне қосылу және суды тұрғын үйлерге енгізу тәртібі туралы ақпаратты ресми ақпарат көздері мен WhatsApp топтарында уақтылы жариялау, сондай-ақ тұрғындардың туындаған сұрақтарына жедел түсіндірме беру ұсынылды.
Отырыс қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1260498?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау