Сіздерді 20 шілде – Халықаралық шахмат күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Шахмат – ақыл-ой спорттарының төресі, парасат пен пайымның, сабыр мен стратегиялық ойлаудың мектебі. Сан ғасырлық тарихы бар бұл зияткерлік ойын адамның логикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, төзімділікке, жауапкершілікке және алға ұмтылуға тәрбиелейді. Сондықтан да Халықаралық шахмат күні – ақыл-ой спортының мерекесі ретінде әлемнің көптеген елдерінде кеңінен аталып өтеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамыту мен жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруға ерекше мән беріп келеді. Осы бағытта елімізде шахмат спорты кеңінен қанат жайып, түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылып, дарынды жас шахматшылардың жаңа буыны қалыптасуда.
Осынау мерейлі күні шахматтың дамуына үлес қосып жүрген жаттықтырушыларға, спортшыларға, ардагерлерге және барша шахматсүйер қауымға шынайы алғысымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, ал шахмат тақтасында әрдайым сәтті жүрістер мен жарқын жеңістер тілеймін!
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау