Атырауда «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың төрағалығымен «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті.

Конкурстың бірінші кезеңі бойынша 15 мамыр мен 15 маусым аралығында өтінімдер қабылданып, 62 отбасы қатысуға ниет білдірді. Қалалық және аудандық іріктеуде әр өңірден үздік деп танылған 2 отбасыдан, барлығы 16 отбасы облыстық кезеңге жолдама алды.

Комиссия отырысының қорытындысымен жүлделі орын иегерлері анықталып, бір отбасыға республикалық кезеңге қатысу үшін жолдама берілді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 2014 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мақсаты – отбасы институтын нығайту, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1260853?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version