Astana Invest фронт-офисінде қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Әшімов қаржы, энергетика, мұнай-газ саласы және өнеркәсіптік инфрақұрылым бағыттарында жобаларды жүзеге асырып жатқан Қытай компанияларының өкілдерімен кездесті.
Қытай делегациясының құрамына келесі компаниялар кірді:
* Fengde Capital – шикізат саудасын трансшекаралық қаржыландыруға, энергетикалық инфрақұрылымға инвестиция құюға және ірі инфрақұрылымдық жобаларды сүйемелдеуге маманданған Гонконг инвестициялық компаниясы;
* Copower Enterprise Group – мұнай-газ саласында 30 жылға жуық тәжірибесі бар, кен орындарын барлау, игеру және инженерлік сүйемелдеу қызметтерін көрсететін халықаралық энергетикалық топ;
* Asia Energy International Engineering (AEIE) – жылу, гидро, жел, күн және биоэнергетика нысандарын салу, сондай-ақ энергетикалық жабдықтарды жеткізу жобаларын іске асыратын инжинирингтік компания;
* Mark Wong & Associates (MWA) – халықаралық инфрақұрылымдық, энергетикалық және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуде 40 жылдан астам тәжірибесі бар консалтингтік компания;
* TOJOY Shared Group – 6 миллионнан астам кәсіпкерді біріктіретін, компаниялардың шетел нарықтарына шығуына, инвестиция тартуына және іскерлік серіктестер табуына қолдау көрсететін халықаралық кәсіпкерлікті дамыту платформасы.
Кездесу барысында тараптар Астананың инвестициялық әлеуетін, инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктерін, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, инфрақұрылым салаларында бірлескен жобаларды іске асыру және шетелдік инвестицияларды тарту перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын одан әрі пысықтауға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1260755?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау