«Ата Заң – Әділет – Заң мен Тәртіп» тақырыбында интеллектуалдық-танымдық QUIZ сайысын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басымдықтарды, сондай-ақ 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру аясында «Заң және Тәртіп» қағидатын ілгерілету, Қазақстан Республикасы Конституциясын және «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу мақсатында Атырау облысы Әділет департаменті Атырау облыстық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Ата Заң – Әділет – Заң мен Тәртіп», «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында интеллектуалдық-танымдық QUIZ сайысын өткізді.

Интеллектуалдық сайысқа Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және Сот сараптамалары институтының өкілдері қатысты. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы, қолданыстағы заңнама және құқықтық мәдениет бойынша білімдерін көрсетіп, логикалық тапсырмаларды орындады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру, Конституция мен заңға деген құрметті нығайту, сондай-ақ заң қоғамдастығы өкілдері арасындағы кәсіби ынтымақтастықты дамыту.

QUIZ сайысының қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – «Әділет» командасы (Атырау облысы Әділет департаменті);
🥈 II орын – «Жеті жарғы» командасы (Атырау облысының Нотариаттық палатасы);
🥉 III орын – «Адвокатура» командасы (Атырау облысының Адвокаттар алқасы).

Сонымен қатар, «ЖСО құрамасы» (Атырау облысының Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы) және «Сараптама» (Атырау облысы бойынша Сот сараптамалары институты) командалары Алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1260627?lang=ru

Exit mobile version