Қазақстанда егін орағы науқаны басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі уақытта Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, Жетісу облысы мен Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері егін орағы науқанына кірісті. Жоғары қарқынмен басталған науқанның алдын ала мәліметтеріне қарағанда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда егіс алқаптарының өнімділігі едәуір артқаны байқалады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бүгінгі таңда 634 мың тонна дәнді дақыл бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 20,6 центнерді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (12,2 ц/га) 1,7 есе жоғары.

Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша да оң үрдіс сақталуда. Атап айтқанда, бидайдың жалпы түсімі 461,2 мың тоннаға жетіп, орташа өнімділігі гектарына 19,1 центнерді құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш гектарына 13,7 центнер болған.

Арпа жинау науқаны да жоғары нәтижемен жүргізілуде. Қазіргі уақытта 157,8 мың тонна арпа жиналды. Орташа өнімділік гектарына 17,0 центнерді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден (8,7 ц/га) екі есе артты.

Егін орағы науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу үшін аграршылар қажетті ауыл шаруашылығы техникасымен толық қамтамасыз етілген. Бүгінде еліміздің ауыл шаруашылығы құрылымдарында 133,9 мың трактор, 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені, 71,4 мың тұқым сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдеу техникасы бар.

Сондай-ақ мемлекет тарапынан 401 мың тонна жеңілдетілген дизель отынын бөлу көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-rodnikov/press/news/details/1260625?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version