АУДАНДА “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Осы мақсатта аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес сенбілік жұмыстары барлық ауылдық округтерде өткізіліп, оған ауыл тұрғындары белсенді қатысты.
Сенбілік барысында аудан аумағындағы көшелер, саябақтар, әлеуметтік нысандардың аумақтары мен арық-атыз жүйелері тазартылды. Қураған ағаштар мен бұталар кесіліп, ретке келтірілді. Сонымен қатар абаттандыру және көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.
Тазалық шарасы барысында жиналған тұрмыстық және құрылыс қалдықтары арнайы коммуналдық техникалардың көмегімен шығарылып, белгіленген полигондарға жеткізілді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауданның тазалығын сақтау мен қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1260170?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version