Балкашино ауылында абаттандыру талаптарын сақтау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Балкашино ауылын аралап, тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында 1 шілдеден бастап күшіне енген елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларының талаптарын түсіндірді.
Әсіресе, тұрғын үйлерге іргелес аумақтарды күтіп-ұстау, арамшөптерді уақытылы шабу, қоқысты тазалау және үй маңындағы аумақтардың тазалығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аралау барысында көптеген тұрғындардың өз аулаларын абаттандыруға жауапкершілікпен қарайтыны, гүл егіп, тазалық пен тәртіпті сақтап, жайлы орта қалыптастырып отырғаны атап өтілді. Сонымен қатар, тұрғын үйлерге іргелес аумақтарды талапқа сай күтпейтін жағдайлар да кездесетіні айтылды.
Құрметті тұрғындар! Сіздерді абаттандырудың жаңа қағидаларының талаптарын сақтауға және тұрғын үйлерге іргелес аумақтарды уақтылы ретке келтіруге шақырамыз. Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.
Ауданымыздың тазалығы мен көркеюі – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1260478?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version