Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Балкашино ауылын аралау барысында кәсіпкерлік нысандарын аралап, кәсіпкерлермен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың жаңа үлгілік қағидаларының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кәсіпкерлерге өздеріне тиесілі аумақтарды тиісті деңгейде күтіп-ұстау, арамшөптерді уақытылы шабу, сауда нысандарының, ұйымдар мен кәсіпорындардың маңындағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ ғимараттардың қасбеттерін, қоршауларды, кіреберіс топтарын, маңдайшаларды және сыртқы абаттандырудың басқа да элементтерін күтіп-ұстауға ерекше назар аударылды.
Көрікті, әрі таза аумақ – кәсіпкердің жауапкершілігі мен тұрғындарға деген құрметінің айқын көрінісі, сондай-ақ елді мекеннің тартымды келбетін қалыптастыратын маңызды факторлардың бірі.
Құрметті кәсіпкерлер! Сіздерді өздеріңізге іргелес аумақтарды уақтылы ретке келтіріп, қолданыстағы абаттандыру қағидаларының талаптарын сақтауға шақырамыз. Белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1260481?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау